ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚҰМАРПАЗДЫҚ ДЕРКТЕРІ ДӘЛДІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

6 0

Соңғы кезде Қазақстанда тәуелділіктің, оның ішінде құмарпаздықтың стастистикалық мәлімметтер нақтылығы мәселесі күрделене түсті. Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Әділет Тұрғанбаев, денсаулық сақтау министрлігі, құмар ойындарға тәуелді адамдардың санын анықтау үшін қолданған әдіснамаға, өз бағасын берді. Оның айтуынша, тәуелділер санын 36 мың адамға белгілеу, жүргізілген зерттеулер немесе сауалнамалар негізінде емес, жалпы халық саны мен халықаралық көрсеткіштер бойынша есептелген математикалық модель арқылы жасалды. Бұл жүйеде, жалпы халық санынан 2-3% ғана құмар ойындарға тәуелді болып саналады.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі, “INFO MONITORING” ақпараттық агенттігі жіберген ресми сұранысына жауабында, халықтың психикалық қал-жағдайына қатысты 2023 жылғы статистикалық деректерді жолдады. Жауапта, психикалық және мінез-құлық күйзелістерінің саны, 89 918 адамда алкоголь ішімдігінен туындағаны анықталғаны, ал 18 226 адамда есірткі мен психотроптық заттарды қолданғаннан белгіленгені көрсетілді. Бұл сандар деректерді жинау және сараптау әдістері туралы сұрақтар туғызады: денсаулық сақтау министрлігі, аталған тәуелділіктерден зардап шеккен адамдар санын белгілеу үшін, демографиялық деректерге негізделген математикалық модельді қолданды ма?
Бұл тәсіл денсаулық сақтау министрлігі жинаған деректердің дәлдігі мен нақтылығына және жалпы елдегі денсаулық сақтау мен әлеуметтік мәселелерді бағалау әдістерінің тиімділігіне күмән келтіреді.

Сонымен қатар, ҚР Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен, ауқымды әлеуметтанулық зерттеу жүргізуге, республикалық бюджеттен 360 млн теңге көлемінде жоспарланған, шығыстардың орындылығы туралы мәселе туындайды. Заңсыз құмар ойын бизнесіне қарсы күрес шеңберінде, құмарпаздықтың себептерін және жалпы таралуын белгілеуге бағытталған бұл зерттеу, орынсыз немесе артық болып көрінеді. Себебі, денсаулық сақтау министрлігі, шығын талап етпейтін математикалық модель қолдану арқылы, құмар ойындарға тәуелділер санын жобалап берді.

Осыған дейін, денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстанда құмар ойындарға патологиялық тартымды тек 10 адам ғана сезінетінін мәлімдеген.