2023 жылдың басынан бері Қазақстанда Мәжіліс деңгейінде құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қызу талқыланып келеді. Ұлттың рухани және моральдық денсаулығын сақтау мақсатында ұсынылған бұл бастама елде ойынға тәуелді азаматтардың санының өсуіне байланысты алаңдаушылықтың бар екенін көрсетеді.
Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты Руслан Берденов құмар ойындарға және олардың жарнамасына барлық ақпараттық платформаларда заң жүзінде тыйым салу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Алайда бұл бастама Respublica фракциясының құмар ойындары мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысынан әрі аспады. Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында Берденов тек қана құмар ойындар жарнамасына тыйым салу туралы айтты. Осы мәселені маусым айында сенатор Руслан Рүстемов те көтерді.
Айта кету керек, Берденов пен Рүстемов атаған Қазақстандағы 350 мың лудоман туралы мәліметтер зерттеу нәтижелерімен расталмаған, себебі елімізде мұндай зерттеулер жүргізілмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, Қазақстанда құмар ойындарға тәуелді деп ресми тіркелгендер саны бар болғаны — 11 адам.
Мұнда сұрақ туындайды: легалды ойындарға және ойын орындары жарнамасына тыйым салу лудоманияны емдей ме?
Бұл жерде темекі мәселесімен параллель келтіруге болады. 2004 жылдан бастап Қазақстанда Президенттің «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының темекіге қарсы күрес жөніндегі Рамалық конвенциясына қол қою туралы» Жарлығының 13-бабы қолданыста, ал 2008 жылдан бастап салауатты өмір салтын насихаттау және темекіден бас тартуды ынталандыру шаралары жүргізілді. Соған қарамастан, соңғы 10 жылда Қазақстанда темекі шегушілер саны небәрі 2,5%-ға ғана қысқарған.
Осы деректерге қарамастан, Қазақстанда лудомания жоқ деп айтуға болмайды. Өйткені елде онлайн-казино мен заңсыз ойынханалар кең тараған, ал лудоманияға қарсы белсенді шаралар қабылдап отырған ресми, жер үстіндегі казино өз мүмкіндіктерін толық көрсете алмай отыр.