ИГОРЛЫҚ БИЗНЕС: ЗАҢ ҚАТАЛ, ЖӘНЕ ЖҰМСАРАР ЕМЕС

32 0

2007 жылы Қазақстанда «Игорлық бизнес туралы» заң қабылданды. Осы заңға сәйкес Республика аумағында казино, букмекерлік кеңселер, ойын автоматтары және тотализатор қызметіне рұқсат берілді.

Алайда заңнама бірден шектеулерден басталды: казино қызметі Қапшағайға (қазіргі Қонаев қаласы) және Щучье-Бурабай курорттық аймағына шығарылды. Мұндай аумақтық шектеулер әлемдік тәжірибеде кездескенімен, кейін заңға бірнеше рет енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күмән туғызбай қоймайды.

Мәселен, 2015 жылдың сәуірінде игорлық мекемелерге салынатын салықтарға қатысты өзгерістер қабылданды. Заң бойынша бір казинонда кемінде 30 ойын үстелі болуы тиіс деп белгіленді, ал бұған дейін 20 үстелге рұқсат етілген еді. Қазақстанда әрбір ойын үстеліне бекітілген тұрақты салық мөлшерлемесі қолданылатындықтан, бұл өзгеріс казино үшін салық жүктемесінің бірден 1,5 есеге өсуіне алып келді. Ойын автоматтары залдарына қатысты талаптар да күшейтілді: бұрын бір залда 50 автомат жеткілікті болса, енді олардың саны кемінде 60 болуы тиіс.

Ал 2018 жылы Салық кодексі арқылы казино иелеріне түсетін ауыртпалық одан әрі артты: казинодағы бір ойын үстеліне салынатын салық мөлшерлемесі 1 660 АЕК-ке дейін көтерілді (бұрын 830 АЕК болған), ал бір ойын автоматы үшін 60 АЕК белгіленді (бұрын 30 АЕК).

Сонымен қатар Қазақстанда ойыншылардың өздері төлейтін ұтыс салығы да қарастырылған: Қазақстан Республикасының резиденттері үшін — 10%, бейрезиденттер үшін — 20%. Бұл норма бірегей емес, көптеген елдерде қолданылады. Алайда, мысалы, Канадада бұған басқаша қарайды: ұтыс тұрақты табыс болып саналмайтындықтан, жеке табыс салығына жатқызылмайды.

Ал қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты жағдай керісінше: Қазақстан — игорлық бизнеске ҚҚС салынатын жалғыз ел. Тауар жоқ, ал салық бар. Бұл — нағыз парадокс.

Бұған дейін айтып өткеніміздей, дәл осы заңнамалық нормалардың салдарынан болар, бүгінде Қазақстанда небәрі 6 казино мен 10 ойын залы ғана жұмыс істейді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша олар бюджетке шамамен 13,5 млрд теңге ғана төлейді. Ал игорлық мекемелердің саны көп болған жағдайда, салық мөлшерлемесін арттырмай-ақ, бюджетке түсетін түсім әлдеқайда жоғары болар еді. Бұл пікір 2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында анықталған 11 астыртын казино туралы ресми статистикамен де расталады — олар заңды түрде жұмыс істей алар еді.