Түркияда ұлттық футбол тарихындағы ең ірі жанжалдардың бірі өршіп келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. Түркия футбол федерациясы (TFF) матчтарға заңсыз бәс тіккен деген күдікпен елдегі барлық дивизиондардан 1024 ойыншыны уақытша жарыстардан шеттетті. Тергеу аясында 152 төреші, ондаған функционер мен клуб президенттері де тексерілуде. Ауқымды операциялар бірден 12 қалада, соның ішінде Ыстамбұл, Анкара және Измир қалаларында жүргізілуде. Anadolu […]
Қабылданған шаралардың нәтижесінде ақша қаражаттары төлем ұйымдары арқылы өтіп, заңды операциялар ретінде жасырылып, онлайн-казинолардың пайдасына шығарылған трансшекаралық аударымдардың ауқымды схемасы әшкереленді. Еске саламыз, Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино қызметіне толық тыйым салынған. Бұл платформалар салық төлемейді, клиенттерді сәйкестендіруді жүргізбейді, балалар мен жастарды белсенді түрде тартады, сондай-ақ халықтың моральдық және психикалық денсаулығына елеулі зиян келтіреді. Аталған схеманы […]
Қазақстанның еңбек нарығында кәсіби жүйе ретінде сирек айтылатын салалар бар. Солардың бірі – ойын индустриясы. Бұл секторда өзіне тән кадрлық институт қалыптасқан: ерекше мамандықтар, көп деңгейлі мансаптық баспалдақтар және жоғары халықаралық сұраныс бар. Ел ішінде нарықтық кеңеюдің жоқтығына қарамастан, қазақстандық казиноларда білім алған мамандар шетелде сенімді жұмыс тауып, басшылық қызметтерді атқаруда. Басты бағыттардың бірі – […]
Өңірдегі құмар ойын бизнесін дамыту жоспарлары туралы Алматы облысының әкімі ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді. Екі нүктеде жаңа нысандар салу жоспарланып отыр. Бірінші жоба бұрынғы «Aladdin» казиносының аумағына жақын жерде жүзеге асырылады. Бұл аумақты араб елдерінен келген кәсіпкерлер сатып алған. Қазіргі таңда мұнда қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, оның аясында бес жұлдызды қонақүй салынып, кейін оған ойын […]
Жыл басынан бері заңсыз ұтыс ойындарын өткізумен айналысқан 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Құмар ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне сілтеме жасап. Аталған фактілер мониторинг жүргізу барысында, сондай-ақ Комитетке келіп түскен жеке тұлғалардың өтініштері негізінде анықталған. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 40 миллион теңгені құрады. Құқық бұзушыларға тиісті […]
Қазақстанда Алматы облысының Талғар ауданындағы «Ақбұлақ» халықаралық туристік орталығы аумағында жаңа ойын аймағын құру мәселесі қайта көтерілді. Жобаны «Кристал Бэй Групп» компаниясы мен «Кипрос» ЖШС ілгерілетіп отыр. Курорт аумағында қонақүйлер, мейрамханалар, гольф алаңдары, демалыс инфрақұрылымы және казино салу жоспарланған. Бір қарағанда бұл бастама ауқымды туристік жоба болып көрінгенімен, оның астарында әлдеқайда даулы идея – Қазақстан […]
Біз бірнеше рет атап өткендей, ресми түрде туризм индустриясының бөлігі болып саналатын лицензияланған ойын бизнесі қаншалықты әлсіз болса, көлеңкелі және заңсыз онлайн-сектор соншалықты күшейе түседі. Бүгінгі статистика мен тәжірибе осыны айқын дәлелдеп отыр. Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) соңғы екі жарым жыл ішінде 205 заңсыз казиноны жапты және 224 адамды қылмыстық жауапкершілікке тартты. ҚМА деректеріне сәйкес, […]