КӨЛЕҢКЕЛІ ОЙЫН БИЗНЕСІ КІМГЕ ТИІМДІ?

52 0

Бұған дейін біз Қазақстанда заңды ойын бизнесі сақталмай, мүлде жойылып кетсе қандай салдар болуы мүмкін деген мәселені көтерген болатынбыз. Бұл сұрақтың өзектілігі 2022 жылдың мамыр айында Қаржылық мониторинг агенттігінің (АФМ) Instagram желісіндегі ресми @afm_rk парақшасында жарияланған мәліметтермен де расталады. Онда Қазақстанда көлеңкелі ойын бизнесінің үш дерегі анықталып, жолы кесілгені туралы хабарланған.

АФМ-нің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті Сайрам ауданында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырып, оған басшылық еткен жергілікті тұрғынды ұстады. Қылмыстық топ 5 адамнан тұрған. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұйымдастырушы мен оның бір сыбайласы қамауға алынды.

Тағы бір көлеңкелі казино фактісі Қостанай қаласында анықталды. АФМ-нің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті қаладағы кафелердің бірінде заңсыз покер клубының жұмыс істеп жатқанын анықтады. Аталған мекемеден кәсіби ойын үстелі, покер фишкалары, ойын карталары және ақшалай қаражат тәркіленді. Сот үкімімен көлеңкелі покер клубының ұйымдастырушылары мен сыбайластары кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.