Біз бұған дейін онлайн-казино ойыншыларының саны артып келе жатқанын, сондай-ақ онлайн-сервистердің де көбейіп жатқанын бірнеше рет айтқан болатынбыз.
Заң шығарушылар заңды офлайн ойын бизнесіне қосымша қандай салықтар мен шектеулер енгізу керектігін талқылап жатқан уақытта, онлайн ойын сервистері өркендеп келеді. Бұл – Қазақстан Республикасының аумағында электронды казино мен интернет-казино қызметіне тыйым салынғанына қарамастан болып отыр.
Онлайн-казино сайттары көбінесе Қазақстан аумағында емес, Бермуд немесе Виргин аралдары сияқты офшорлық аймақтарда тіркеледі. Олар қазақстандық ойын әуесқойларына заңды казиноларға қарағанда тартымдырақ шарттар ұсынады. Алайда мұндай «жомарттықтың» себебі түсінікті: олар Қазақстанда салық төлемейді, ал көп жағдайда мұндай онлайн-сервистердің қызметі алаяқтық сипатта болады.
Онлайн-сервистер үшін ойыншыға ұтысты төлемеу, коэффициентті төмендету, пайдаланушыны бұғаттау немесе тіпті ойын аккаунтын толықтай жою – қалыпты жағдай. Тіпті қазақстандық азамат бұл жағдай бойынша полицияға жүгінгеннің өзінде, мәселенің шешімі табылмауы мүмкін, себебі мұндай ойын компаниялары заңсыз әрекет етеді.
Айқын нәрсе — онлайн-сервистерден айырмашылығы, заңды офлайн-казинолар құмар ойындарды ұнататын адамдар үшін, соның ішінде шетелдік қонақтар үшін де қауіпсіз әрі сенімді орта ұсынады. Бұл сала барлық заң талаптарына толық сәйкес келеді және салық салу жүйесінде ашық әрі айқын жұмыс істейді. Сонымен қатар мұндай мекемелер ойынға тәуелділікпен күресу бағдарламаларын қолдайды және ұтысқа ие болған ойыншыларға әділетсіздік жасамайды.
Сондықтан онлайн-сервистердің қауіпті тенденциясы біз ойлағаннан да күрделі мәселе болып табылады және ол үнемі дамып келеді.
Жаңа онлайн-казинолардың немесе заңсыз ойын орындарының пайда болуына жол бермеу үшін, ең алдымен мемлекет заңды казиноларға қолдау көрсетуі қажет. Мысалы, салық мөлшерлемесін төмендету арқылы. Бұл оларға дамуға, қызметкерлерінің жалақысын арттыруға және алаяқтық онлайн-сервистермен әрі көлеңкелі нарықпен бәсекелесуге мүмкіндік береді.