ҚАПШАҒАЙ–ҚОНАЕВТА ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛАСЫ 3000-ДАН АСТАМ АДАМДЫ ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

63 0

Ойын бизнесін Қапшағай–Қонаев қаласындағы қала құраушы салалардың бірі деп толық негізбен айтуға болады. Себебі бұл салада 3000-нан астам жергілікті тұрғын еңбек етеді. Анықтама үшін айтсақ, өңіріміздің туризм саласында шамамен 7000 адам жұмыс істейді, олардың 45 пайызына жуығы — жыл бойы тұрақты түрде еңбек ететін ойын бизнесі қызметкерлері.

Сену қиын, бірақ бұдан 15 жыл бұрын қалада жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай жоғары болды, ал көптеген қапшағайлықтар жақсы өмір іздеп жақын маңдағы мегаполис — Алматыға көшіп кететін. Алайда Қапшағайда казинолар ашыла бастаған сәттен бастап жағдай өзгерді. Қала қайта жандана түсті: туризм мен қызмет көрсету саласы дамыды, халықтың табысы артты, шағын бизнес белсенді бола бастады.

Ойын мекемелері өздеріне дилер, менеджер, слот-оператор сияқты мамандарды даярлаумен қатар, бухгалтерлерге, қаржыгерлерге, кассирлерге, іс жүргізушілерге, күзетшілерге, жүргізушілерге, тазалық қызметкерлеріне, электриктерге, сантехниктерге, слесарьларға, құрылысшыларға, бағбандарға, аспаздар мен ас үй қызметкерлеріне де сұраныс туғызды. Бұл құрылған жұмыс орындарының толық тізімі емес. Дегенмен, осының өзі-ақ ойын бизнесінің қаламыз үшін әлеуметтік маңызын көрсетеді және жұмыс орындарын құру тұрғысынан казино кез келген ірі кәсіпорынмен бәсекелесе алатынын аңғартады.

Ойын мекемелерінің барлық қызметкерлері жергілікті кәсіпкерлердің қызметін пайдаланып, Қапшағайдағы сауда нүктелерінен тауар сатып алатынын, ал сырттан келген жұмысшылар тұрғын үйді жалға алатынын ескерсек, ойын бизнесі тек осы сала қызметкерлері үшін ғана емес, бүкіл қала үшін стратегиялық маңызы бар екені анық.

Ойын бизнесі бүгінде әлеуметтік тұрғыдан маңызды сала әрі қаланың экономикалық жүйесіндегі ақша айналымының ажырамас бөлігі деген пікір негізсіз емес. Туризмді дамытуға жауапты жоғары лауазымды шенеуніктер Қонаев қаласындағы ойын бизнесінің құлдырауы республикалық бюджетке де, қалаға да оң әсер етпейтінін түсінеді деп сенгіміз келеді.