ҚАРАҒАНДЫДА ЖАСЫРЫН КАЗИНО ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

7 0

Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) жергілікті мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған заңсыз ойын бизнесінің қызметін тоқтатты. Тергеу барысында күдіктінің үй-жайды жалға алып, оны құмар ойындарға, атап айтқанда «Покерге»жабдықтағаны анықталды. Ұйымдастырушының қарамағында арнайы ойын үстелдері, ойын чиптері мен карталар болды.

ҚМА ақпараты бойынша, күдіктінің банктік шотына заңсыз қызметтен түскен табыс 32 млн теңгеден асқан. Бұл жағдай аймақтағы заңсыз ойын бизнесі мәселесінің ауқымы мен ауырлығын көрсетеді.

Сот күдіктіні кінәлі деп тауып, оған шартты түрде 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚМА заңсыз ойын орындарын белсенді түрде анықтап, бұғаттауды жалғастыруда. Бұл шаралардың негізгі мақсаты-азаматтарды «Құмарпаздық» деп аталатын құмар ойындарға тәуелділіктен қорғау.

Жасырын казинолар қоғамға үлкен қауіп төндіреді.