ҚАЗАҚСТАН ЗАҢСЫЗ ОЙЫН БИЗНЕСІ МЕН ҚҰМАРПАЗДЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША КЕШЕНДІ ЖОСПАР ҚАБЫЛДАДЫ

4 0

Қазақстан Үкіметі 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі мен құмарпаздыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кешенді жоспарды бекітті. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин өзінің Telegram-арнасында мәлімдеді.

Осы орайда, Кариннің айтуынша, 4 бөлімді 28 іс-шарадан құралған Жоспарды жүзеге асыруға 15 орталық жəне 20 жергілікті мемлекеттік мекеме жауапты болып белгіленді.

«Атырау қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы құмарпаздықпен күрес бойынша жүйелі жұмыс жасауды, кешенді жоспар  құруды және тиісті заңның қабылдануын жеделдетуді тапсырды» — деп атап өтті Ерлан Карин.

Кешенді жоспардың жобасы сарапшылар тарапынан және жастар саясаты жөніндегі кеңестің алаңында кеңінен талқыланды. Жоспардың іс-шаралары Мəжілісте бірінші оқылымда қаралған заңнама ережелерімен Жоспардағы іс-шаралар толық сəйкестенеді.

Карин, құмарпаздықпен күрес Мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және бүкіл қоғамның күш-жігерін шоғырландыруды талап ететінін атап өтті.

ҚР Туризм және спорт министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, сондай-ақ «казино операторларының Ұлттық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің (ЗТБ) ресми өкілі Артем Тимошенко Кешенді жоспардың қабылдануын қолдады: «бұл заңсыз ойын бизнесі мен құмарпаздыққа қарсы күрестегі маңызды қадам. Кешенді тәсіл және әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарда тарту — қабылданған шаралардың тиімділігін қамтамасыз етеді. Біз осы жоспарды іске асыруда барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз. Мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеу ойыншылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға және құмарпаздықпен байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі. Барлық қатысушылардың оң әрекеттері жақсы нәтижелерге әкелетініне сенімдіміз».