ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОЙЫН БИЗНЕСІНІҢ «ШЕКСІЗ ЖЕҢІЛДІГІ» ЖӘНЕ ШЫНДЫҚ

22 0

Көптеген шенеуніктер ойын бизнесінің кірістерін көріп, Қазақстандағы құмар ойын орындарының жағдайы ертегідегі Лас-Вегастың өміріндей жеңіл әрі әдемі деп ойлайды. Алайда шын мәнінде, көптеген лицензияланған ойын нүктелері жай ғана күнкөріс деңгейінде жұмыс істеуде. Бұл фактіні қалыптасқан статистика айқын дәлелдейді: егер 2006 жылы Қазақстанда 140-тан астам ойын бизнесі субъектісі жұмыс істесе, 2023 жылы олардың саны небары 6 казино, 11 ойын автоматы залы, 29 букмекерлік кеңсе және 8 тотализатор болып қалды.


НЕГЕ ОЙЫН ОРЫНДАРЫНЫҢ САНЫ ҚЫСҚАРДЫ?Кейбіреулер бұны 2007 жылы қабылданған «Ойын бизнесі туралы» заңмен байланыстырады. Сол уақытта барлық ойын орындары Ақмола және Алматы облыстарына көшірілуге мәжбүр болған еді. Бірақ мәселенің түбі бұдан тереңірек жатыр. Бұл құбылысқа әсер еткен бірнеше негізгі фактор бар. Мемлекеттік қолдаудың болмауыОйын бизнесін дамытуға бағытталған жүйелі мемлекеттік демеу жоқ. Салық жүктемесінің шамадан тыс жоғары болуыБүгінде бір ойын үстеліне салынатын салық мөлшері — 1660 АЕК (5 727 000 теңге),ал бір ойын автоматына — 60 АЕК (207 000 теңге).Сонымен қатар, әр казинода кемінде 30 ойын үстелі және 60 ойын аппараты болуы міндетті.Ойын бизнесі субъектілері салықтарын уақытылы төлеп отыр, бірақ бизнесті дамытуға арналған қаражатты табу қиынға соғуда.Мысалы: 2020 жылы ойын бизнесінен түскен салық — 27,7 млрд теңге(17 млрд — букмекерлер, 10,7 млрд — казинолар мен ойын автомат залдары)2021 жылы — 51 млрд теңге (42 млрд — букмекерлер, 9 млрд — казинолар мен ойын автомат залдары)
БЮДЖЕТКЕ ҚАНША ҚАРЖЫ ТҮСПЕЙ ҚАЛҒАН? 2019 жылдан бері Қазақстан аумағында 760-тан астам заңсыз ойын орны анықталып, жабылды. Оның ішінде:биыл 326 жасырын объект, лотерея клубтары ретінде маскировка жасаған; 1 заңсыз онлайн-казино; 2300-ден астам ойын терминалы тәркіленді; 3 мыңнан астам заңсыз онлайн-сілтеме/аккаунт бұғатталды. Осының бәрі — көлеңкелі және криминалды игорный секторға кетіп жатқан миллиардтаған қаржы. Мұндай ауқымның артында:бұл ақшалар қайда кетуде? кімдерге тиімді? неге Қазақстанда көлеңкелі индустрия өсуде? деген сұрақтар туындайды. Егер осы 760 заңсыз объектіге қоса жабылған легалды ойын орындарын да есептесек, бюджетке түспей қалған салық көлемі бірнеше есе артар еді. Ең таңғаларлығы — бұл жағдайға тек құқық қорғау органдары ғана назар аударып отыр,ал салалық құрылымдар үнсіз, тіпті бұл мәселені талқылауға да асықпайды.
ҚОРЫТЫНДЫ: Легалды казинолар туризмді дамыту және аймаққа инвестиция тарту міндеттерін белгілі деңгейде орындап отыр, алайда бұл бағыттың әлеуеті толық ашылған жоқ. Бұл салада мемлекеттік қолдаудың рөлі шешуші. Не қажет?Салық жүктемесін қауіпсіз деңгейге дейін төмендету; Ойын орындарына тексерістер бойынша мораторий енгізу; Легалды секторды ынталандыратын жағдай жасау; Көлеңкелі казиноны заңды алаңға шығаратын механизмдер құру. Нәтижесінде: Жұмыс орындарының саны артады; Бюджетке түсетін қаражат өседі; Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуы жеделдейді; Инвестиция тарту мүмкіндігі жоғарылайды. Әлемдік тәжірибе бұны дәлелдеп отыр: Лас-Вегас, Атлантик-Сити, Макао, Чеджу, Сингапур, Монако — барлығы да ойын аймақтарының экономикаға қаншалықты пайда әкелетінін көрсетеді.Қазақстан да дұрыс саясат пен мемлекеттік қолдау жағдайында Еуразия аумағында туризм мен ойын-сауықтың ірі орталығына айнала алады.