ҚАЗАҚСТАНДЫҚ BOMBAY CASINO, ИНТЕРНЕТТЕ ОНЫҢ БРЕНДІН ЗАҢСЫЗ ПАЙДАЛАНЫП ЖҮРГЕН АЛАЯҚТАР ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕЙДІ

27 0

Қазақстандағы заңды ойын бизнесі жаңа келеңсіздіктерге тап болуда. Заңсыз онлайн құмар ойындардың өсуі аясында қолданыстағы казинолардың брендтерін заңсыз пайдалану жағдайлары тіркелуде. Кезекті алаңдатарлық белгі – лицензиясы бар Bombay казиносының атын жамылып, интернетте жалған ресурстардың таралуы болды.

Bombay Casino өкілдерінің айтуынша, әртүрлі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде бренд атауы мен визуалды стильді заңсыз пайдаланатын аккаунттар анықталған. Пайдаланушыларға онлайн казино қызметтері ұсынылады, ал Bombay Casino ешбір онлайн қызметтер жүргізбеген және жүргізбейді.

«Біз ресми түрде мәлімдейміз: Bombay — бұл Қонаев қаласының арнайы ойын аймағында орналасқан, лицензияланған заңды казино. Мұндай ұсыныстарды тарататын ешбір онлайн казино немесе аккаунттың біздің компанияға қатысы жоқ. Ресми түсіндірмеде – бұл алаяқтық әрекет делінген.

Сондай-ақ, казино өкілдері азаматтарды ақпаратты тек ресми және парақшалары арқылы тексеруге шақырды.

Ұлттық казино операторлары қауымдастығының заңгері Артем Тимошенко аталған жағдай бойынша құзырлы органдарға шағымдану фактісін растады. Оның айтуынша, брендті рұқсатсыз пайдалану Қазақстанның азаматтық және қылмыстық заңнамаларын бұзады.

«Нақты түсіну керек: Қазақстанда онлайн-казинолардың қызметіне заңмен тыйым салынған. Әлеуметтік желілерде «интерактивті лотереялар» немесе құмар ойындар ретінде жасырылған кез-келген ұсыныстар заңсыз болып табылады. Танымал брендтерді пайдалану тек жауапкершілікті арттырады». -деп атап өтті Тимошенко.

Біз бұған дейін осы алаңдатарлық үрдіс туралы жазған болатынбыз: Қазақстанда заңды оффлайн казинолар мен ойын автоматтары залдары бірінен соң бірі жабылып жатқанда, заңсыз онлайн ойын бизнесі тез қарқын алуда. Жаңа жағдайлар астыртын алаңдарды ұйымдастырушылардың бұдан әрі алға жылжығанын растайды — олар танымал ресми казинолардың атаулары мен брендтерін қолдана бастайды, азаматтарды адастырып, заң сектордың беделін түсіреді.