ҚАЗАҚСТАНДА 2007 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАНША ҚҰМАР ОЙЫН МЕКЕМЕСІ БОЛДЫ ЖӘНЕ ҚАЗІР ҚАНШАУЫ ҚАЛДЫ

38 0

1-бөлім

2007 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасының «Құмар ойын бизнесі туралы» Заңы қабылданып, барлық құмар ойын мекемелері Алматы облысындағы Қапшағай су қоймасының жағалауына және Ақмола облысының Бурабай ауданына көшірілді. Бұл бастама Қазақстан аумағында екі ықшам ойын кластерін құруға бағытталған болатын.

Көшіруге дейін елде шамамен 150 казино және 2 000-нан астам ойын автоматтары залы жұмыс істеді. Ал қазіргі таңда Қазақстанда құмар ойын бизнесі саласында қызмет жүргізуге бар болғаны 54 қолданыстағы лицензия ғана қалған. Оның ішінде 6 казино, 11 ойын автоматтары залы, 29 букмекерлік кеңсе және 8 тотализатор бар.

Осы орайда, бұл салаға жауапты уәкілетті тұлғалар қашан құмар ойын бизнесі субъектілерінің осыншама қысқаруына не себеп болғаны және жабылғаннан кейін олардың қайда кеткені туралы ойланатыны қызық. Бұл сұрақтардың жауабы баяғыдан белгілі болғанымен, неге екені белгісіз, тиісті деңгейде әрекет жасалып отырған жоқ.

Құмар ойын мекемелерінің азаюының негізгі себебі – салық мөлшерлемелерінің жоғары болуы. Мысалы, қазіргі уақытта салық ай сайын есептеледі және бір ойын үстеліне белгіленген мөлшерлеме 1 660 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) құрайды, бұл 5 727 000 теңгеге тең. Сонымен қатар, бір казино үшін ойын үстелдерінің ең төменгі саны кемінде 30 үстел болып белгіленген және бұл көрсеткішке мекемеде нақты сұраныс бар-жоғына қарамастан талап қойылады. Ал бұрын салықтар тоқсан сайын (әр үш ай сайын) есептелетін, бұл кәсіпкерлерге мұндай ауыртпалық түсірмейтін еді, әрі ойын үстелдерінің ең төменгі санына қатысты міндетті талаптар да болмаған.