ҚЫРҒЫЗСТАНДА ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУ ЖӘНЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТТІҢ КІРІС БӨЛІГІН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ОЙЫН ОРЫНДАРЫН АШУ ЖОСПАРЛАНУДА

38 0

Біздің елдегі ойын бизнесі әртүрлі қиындықтарға қарамастан жұмысын жалғастырып жатқанда, Қырғызстан парламенті Ыстықкөл облысы мен Бішкек қаласында алғашқы кезеңде ойын орындарын ашу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл туралы Жогорку Кенештің ресми сайтында хабарланды.

Заң жобасы Қырғызстанға инвестиция тарту және республикалық бюджеттің кіріс бөлігін арттыру мақсатында әзірленген. Сонымен қатар, казино нысандары шетелдік туристерді тартуға бағытталатыны айтылды.

Қырғызстан депутаттарының көпшілігінің пікірінше, ойын бизнесі инвесторларды тартудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың және бюджет кірісін арттырудың маңызды факторларының бірі болып табылады.

Осылайша, Қырғызстан ТМД елдерінің ойын индустриясы нарығында Қазақстанға елеулі бәсекелес бола алады. Ал Қазақстан бұл нарықтағы өз позициясын әлсіретіп алуы мүмкін. Қазіргі таңда аталған сала бірнеше мың жұмыс орнын қамтамасыз етіп, республикалық қазынаға миллиардтаған теңге көлемінде кіріс әкеліп отыр.