СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МАМАНДЫҚ

37 0

Біздің қалада өте сирек кездесетін мамандықтардың бірі бар. Солардың бірі — крупье мамандығы.

Крупье — бұл казино қызметкері, ол ойын процесін жүргізеді, карталарды, фишкаларды және жетондарды таратады, ставкаларды қабылдайды, қабылдамайды немесе көтереді. Оның міндетіне ұтысты ставкаларды жариялау және ұтыстарды есептеу де кіреді. Крупьеге тән кәсіби қасиеттер — ең алдымен сабырлылық пен өзін-өзі ұстай білу, сондай-ақ ерекше қабілет пен жоғары интеллектуалдық деңгей. Қызығы, крупье мамандығы адамға материалдық әл-ауқат пен тұрақты өмір құруға негіз бола ала ма?

Осы сұрақтарға жауап іздеу мақсатында біздің тілшіміз бұл мамандықты жетік меңгерген адаммен кездесіп, оның крупье қалай болғанын және бұл мамандықтың маңыздылығы туралы пікірін сұрады. Ол бізге былай деп әңгімелеп берді:

— Крупье мамандығы немесе халық арасында бізді дилер деп те атайды, ойын индустриясы дамыған елдердің көпшілігінде офис қызметкері, аспаз немесе мейрамхана әкімшісі сияқты толыққанды мамандық болып саналады. Адамдар еңбек өтілін жинайды және басқа мамандық иелері сияқты барлық әлеуметтік жеңілдіктерді пайдаланады. Крупье мамандығы табыс табуды бастауға, мүлік жинауға немесе жай ғана өз қалауыңша өмір сүруге жақсы мүмкіндік береді.

2010 жылы мен колледжді аяқтап, университеттің сырттай бөліміне оқуға түстім. Бір жыл бұрын Қапшағайдағы бір зауытқа жұмысқа орналасқан едім, себебі оқу ақысын өзім төлеуім керек болды. Алайда айына 45 мың теңге көлеміндегі жалақы тек оқу ақысын төлеуге ғана жететін. Осылайша мен зауытта 3 жыл жұмыс істедім. Казиноға жұмысқа барғым келмейтін, себебі ол жерді «лас орын» деп ойлайтынмын, әрі адамдардың үнемі ұрысып жатқанын есту де маған тартымды көрінбейтін. Бірақ уақыт өте келе зауытта табатын ақшам мүлдем жетпей қалды. Оның үстіне, казиноның бірінде жұмыс істейтін досым мені үнемі өзіне шақырып жүрді. Ол жерде көбірек ақша табатынымды, тиісінше өмірім де жақсаратынын айтатын. Барлығын жақсылап ойланып, мен өзімді ойын бизнесінің қызметкері ретінде сынап көруге шешім қабылдадым.