Заңсыз 1Win интернет-казиносының ұйымдастырушылары халықаралық іздеуге жарияланды — Алматы облысы бойынша АФМ

10 0

Заңсыз қызметті жасыру үшін жалған тұлғалардың атына тіркелген аффилирленген заңды тұлғалардың тармақталған желісі пайдаланылған. Ставкаларды қабылдау және ұтыстарды төлеу банктік карталар, электрондық төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған.

Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланды, оларға қатысты сырттай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сонымен қатар, күдіктілердің қылмыстық жолмен алынған мүлкін досудебелік тәртіппен тәркілеу басталды. Атап айтқанда:
Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser, сондай-ақ шоттардағы ақша қаражаттары — 151 млн теңге, 14 600 АҚШ доллары және 44 400 еуро.
Сот қаулысымен жалпы құны 420 млн теңгеден асатын мүлік мемлекет кірісіне тәркіленді.