ҚАЗЫНАҒА МИЛЛИАРДТАР ЖӘНЕ МЫҢДАҒАН ЖҰМЫС ОРНЫ: ОЙЫН ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ӘСЕРІ

105 0

Алматы облысындағы ойын индустриясы салық түсімдерінің ірі көздерінің бірі болып қала отырып, өңірге қосымша туристік ағынды қалыптастыруда.

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында заңды ойын бизнесі кәсіпорындары бюджетке 25 млрд теңге салық аударған.Жалпы соманың 10,6 млрд теңгесі облыстық бюджетке түсті, ал қалған қаражат республикалық бюджетке жіберілді. Соңғы екі жарым жыл ішінде саланың салықтық аударымдары 184,7 млрд теңгеге жеткен, оның ішінде 53,8 млрд теңге облыстық бюджетті толықтырған.

Қазіргі уақытта Қонаев қаласында ойын бизнесінің 21 объектісі жұмыс істейді. Олардың қатарында 5 казино, 3 ойын автоматтары залы және 13 букмекерлік кеңсе бар. Сала бірнеше мың адамды жұмыспен қамтып отыр.Облыс әкімдігінің мәліметінше, экономикалық әсер тек салық түсімдерімен ғана шектелмейді. Ойын бизнесі туристік саланың дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Облыстық туризм басқармасының деректеріне сәйкес, казиноға келушілердің шамамен әрбір бесіншісі – шетелдік турист.Алматы облысының туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлының айтуынша, Қонаев қаласына келетін туристер қонақүйлердің, мейрамханалардың, көлік қызметтерінің және сауда орындарының қызметін пайдаланады.

Бұл шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына және қаладағы іскерлік белсенділіктің артуына ықпал етеді.Ойын индустриясы кәсіпорындарынан түсетін салықтар мемлекеттің маңызды бағыттарын қаржыландыруға жұмсалады. Атап айтқанда:білім беру жүйесін дамытуға;денсаулық сақтау саласын қаржыландыруға;халықты әлеуметтік қолдау бағдарламаларын іске асыруға;автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстауға;инженерлік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға;мәдениет пен спортты қолдауға.Осылайша, заңды ойын бизнесі мемлекет қазынасын салық түсімдері арқылы толықтырып қана қоймай, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындаудың, инфрақұрылымды дамытудың және халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды қаржыландыру көздерінің біріне айналып отыр.